Өскемен
пасмурно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +25°
$
441.41
+0.51
477.78
+1.83
¥
61.12
+0.17
4.84
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддердегі ЖЭО-ны 11 мердігер ұйым жөндеп жатыр

Мердігерлердің жұмысын жұртшылық пен қалалық мәслихат өкілдері күнделікті бақылап отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддердегі ЖЭО-ны 11 мердігер ұйым жөндеп жатыр
Фото:
Риддер ЖЭО ресми сайтынан

Қазір жылу орталығында жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Риддер қаласы әкімінің м.а. Дархан Қосантаевтың айтуынша, 24 шілдедегі жағдай бойынша қайта құру барлық 6 қазандық агрегаттарында, отын беру трактісінде, турбиналық цехта, сондай-ақ ЖЭО ғимаратының өзінде және жылумен жабдықтау желілерінде жүзеге асырылуда.

Күн сайын мердігерлік ұйымдардың 200 қызметкері, сондай-ақ "Риддер ЖЭО" АҚ персоналы қатарынан 67 адам станция мен жылу желілерінде жұмыс істеуде. Қажетті қаржыландыру ҚР Үкіметінің резервінен де, облыс бюджетінен де қамтамасыз етілген.

Риддер әкімдігінің мәліметі бойынша қажетті жабдықтар мен материалдар сатып алынған, ал қазірдің өзінде 50%-дан астамы жеткізіліп, жылу орталығының аумағына әкелінген.

Мердігерлердің жұмысын жұртшылық пен қалалық мәслихат өкілдері бақылайды.

Күн сайын олар ЖЭО-ға барып, орындалған жұмыстардың көлемін, қажетті материалдар мен жабдықтарды жеткізуді қадағалап, барлық жұмыстарды назардан тыс қалдырмауда, - деді спикер.

Өңір билігі барлық жоспарланған жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмаларына, белгіленген кестеге сәйкес уақтылы және сапалы орындалатынына сенімді. Ол үшін барлық мүмкіндіктер мен ресурстар қарастырылған.

Следующая →