Үржар ауданында 9 жастағы ұлды зорлаған
Бұл жағдай туралы зардап шеккен баланың әкесі #НеМолчиKZ қорына мәлімдеген
Оқиға ағымдағы жылдың 20 шілдесінде орын алған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Айта кетейік, дәл осы ауылда осыдан бір жыл бұрын 9 жастағы қыз бала көршісінен зорлық көрген болатын. Жақында 48 жастағы педофилге қатысты сот шешімі шығып, ол 25 жылға бас бостандығынан айырылды. #НеМолчиKZ қорының ақпаратына сүйенсек, екі бала туыс болып шыққан.
Әкесі жұмысқа кеткенде бала үйінде әжесімен қалған.
Бала үйде әжесімен қалған. Үйде олардан өзге, өгей әкемнің бауыры да тұрып жатқан.н Түс ауа анам қоңырау шалып, дереу үйге учаскелік полицияны шақыртуымды сұрады, - дейді зардап шеккен баланың әкесі. - Анам жаздық асханада ыдыс-аяқ жуып жүргенде балам ұялы телефонын қуат көзіне қосу үшін үйге кіріп кеткен. Біраз уақыттан кейін шаруасын аяқтап анам үйге кіргенде баламның іш киімін киіп жатқанын көрген. Сұрастырып-білсе, өгей әкемнің бауыры зорлық көрсеткен екен.
Оның айтуынша, баланың денесінен жарақат, ісік анықталған, шырышты қабығы жыртылып кеткен. Қылмыскер баланеы "біреуге айтса, өлтіремін" деп те қорқытқан-мыс.
Күдіктіні сол күні-ақ полиция қамауға алған. #НеМолчиKZ қоры оның аты-жөнін (Николай Головченко, 1977 жылғы) анықтап, суретін де жариялады.
Осы орайда айта кетейік, қор жетекшісі Дина Таңсәрі педофилдердің жазасын күшейту туралы петиция жариялап, қол жинауда.
Абай облысындағы бір педофилге қатысты үкім шығып, ол 25 жылға бас бостандығынан айырылды, - дейді Дина Таңсәрі. - Бұл тек баланы айуандықпен қорлап, бала өлім аузынан қалған жағдайларда ғана тағайындалатын жаза. Егер балада ауыр жарақаттар болмаса, қылмыскер 10-20 жылға ғана абақтыға тоғытылады. Неге Қазақстанда педофил балаға сондай қастандық жасағанда ғана, бала бірнеше отадан өткенде ғана 25 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кеседі? Бұндай жапа шеккен балаларға қараудың өзі қорқынышты. Біз осындай жағдайға тап болған балалар мен олардың ата-анасымен тікелей жұмыс істедік, бұндай азапқа төзу мүмкін емес. Балаға ауыр жарақат жасағанын күтпей, жай ғана қол тигізгені үшін, зорлау ниеті болғандарды бірден 20 жылға қамау керек. Ал бізде ол үшін тек 10 АЕК жазамен құтылады. Онда да видео дәлелі табылып, әлеуметтік желіге шықса ғана. Педофилдердің жазасын күшейтуді талап етеміз! Балаға жасалған кез келген жыныстық әрекетті зорлық деп тануды сұраймыз!