Жолдарға интернет тарататын 500-ге жуық антенна-діңгек орнатылады
Республикалық және негізгі облыстық жолдарда мобильді интернет тарататын антенналар пайда болады
![Новости Казахстана / Жолдарға интернет тарататын 500-ге жуық антенна-діңгек орнатылады Новости Казахстана / Жолдарға интернет тарататын 500-ге жуық антенна-діңгек орнатылады](/upload/iblock/725/oj1cju1f2w6l31pvhom7gnwuzzb2sfnz/imgonline_com_ua_Resize_IQKem6eRHI5NiPRL.jpg)
Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлады ҚазАқпарат.
"Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында 2027 жылға дейін ауылдарды тіркелген интернетпен қамтуды 44-тен 100 пайызға дейін ұлғайту жоспарланған. Осыған байланысты 1,2 млн астам адамды қамти отырып, 3 183 ауылға дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу және 504 елді мекенді спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, республикалық және негізгі облыстық жолдарда ұзындығы 17 мың шақырым болатын 500-ге жуық антенна-діңгек құрылыстарын мобильді интернетпен салу жоспарланды, - деген Премьер-Министр.