Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Ұмай" бағдарламасы бойынша өтінім қайта қабылданады

Отбасы банкі әйелдерге арналған баспана бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды қайта бастайды

Новости Казахстана / ШҚО-да "Ұмай" бағдарламасы бойынша өтінім қайта қабылданады
Фото:
pexels.com

Осыған дейін мамыр айында бір күн ішінде мыңнан астам азаматшаның өтініші қабылданып, тоқтап қалған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2023 жылы үшінші траншқа 15,6 млрд теңге бөлінген болатын. Мамырда өтініш білдіргендердің арасында пәтерден бас тартқандар немесе төлем қабілеті жетпей қалғандар бар. Сол себепті бөлінген қаржылан 6 млн теңге резерв пайда болған. Сол себепті де банк басқалардың өтінішін қабылдамақ.

"Ұмай" әйелдер ипотекасы 2021 жылы басталды және 2 жыл ішінде 2 073 әйел өз баспанасына қол жеткізді. Ал биыл үшінші траншқа 15,6 млрд теңге бөлінді. 10 мамырда түске дейін 1000-нан астам өтінім қабылданып,өтініш қабылдау аяқталды.

Бірақ өтініш бергеннен кейін бір ай ішінде төлем қабілеттілігін растау, баспана табу және оны бағалау жүргізіледі. Осы кезеңде үй сатып алу сомасы клиентке брондалады. Әр түрлі жағдайлар орын алып, клиенттерпәтер сатып алудан бас тартып немесе төлем қабілеттілігін растай алмай қалып жатады. Осы себепті  банкте шамамен 6 млрд теңге резерв пайда болды, ол жаңа өтінімдерді қаржыландыруға бағытталатын болады, - деп хабарлады "Отбасы банк".

Бұл дегеніміз, шамамен 400-450 әйелге өз баспанасын алуға мүмкіндік туады деген сөз.

"Отбасы банкі" өтінімдерді қабылдауды 19 шілдеде қайта бастайды. Өтінішті банктің кез келген бөлімшесінде беруге болады.

Тұрғын үйді Астана, Алматы, Ақтау және Атырауды қоспағанда, Қазақстанның кез келген қаласында сатып алуға болады - бұл қалаларда берілген қарыздар бойынша лимит таусылды.

"Ұмай" бағдарламасының шарттар:

  • Ставка 14.4% (ЖТСМ 15.4% - дан), одан кейін 3.5% - 5%-ға дейін төмендейді (ЖТСм 3.6% - дан)
  • Бастапқы жарна 15-тен 20%-ға дейін
  • Несие сомасы 30 млн теңгеге дейін, мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін

Сондай-ақ, бұл бағдарлама арқылы пәтерді жөндеуге 3,7 млн теңге мөлшерінде қарыз алуға болады.

Следующая →