Құс атып жүріп, абайсызда адамды атып алған
Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға орын алды
Күдікті тергеуге алынды, деп хабарлады Polisia.kz.
Анықталғандай, 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-ның бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада. - Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді.
Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді. Сараптама тағайындалды.
Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.