Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршім ауданында найзағай түсіп, далада өрт шықты

Кеше түстен кейін найзағайдың әсерінен таулы жерде құрғақ шөп жана бастаған

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Күршім ауданында найзағай түсіп, далада өрт шықты
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

ШҚО ТЖД өрттің сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.

2023 жылғы 9 шілдеде сағат 15.00-де Күршім ауданындағы таулы жерде найзағайдың тікелей әсерінен құрғақ шөп жанды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Оқиға орнына автокөлік техникасымен жету мүмкін болмағандықтан, жергілікті атқарушы органдардан, өрт сөндірушілер мен орманшылардан 34 адам жану ошағына жаяу жіберілді.

3 гектар алаңды шарпыған өрт 10 шілдеде сағат 00.00-де сөндірілген.

Естеріңізге сала кетейік, облыстың оңтүстігі мен батысында өрт қаупі жоғары екендігі туралы ескерту жарияланған. ШҚО ТЖД халыққа ашық отты пайдалану кезінде өте сақ болуға, үйлер мен үй-жайлардың жанында от жағуға, құрғақ шөпті, қамысты өртемеуге кеңес береді. Көліктерден сөндірілмеген темекі, шыны ыдыстарды тастамаңыздар.

Следующая →