Министр Ахметовтің қызына мемлекеттен субсидия қалай берілгеніне қатысты жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрі тауар өндірушілерді әке-шешесіне қарай бөлмейтінін айтты
Бүгін Үкімет кулуарында журналистер Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен Ахметовтің қызы аграрлық фирмасы бизнесті дамытуға қалай субсидия алғаны жайлы сұрады, деп жазды Tengrinews.kz.
Олар өз жерлерін, малдарының бар екендігін көрсетеді. Ешкім олардан: "Әкең кім, шешең кім?" немесе "Өзің кімсің?" деп сұрамайды. Жүйе объективті түрде қарап, егер негіз болса, субсидияны төлейді. Егер ақша жоқ болса, күту парағына кезекке қойылады. Мен өз басым министр ретінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді бөлмеймін: олардың әкесі кім, шешесі кім, жағдайы қандай, бай ма, кедей ме, бәрібір. Бізде заң, ереже бар. Сол арқылы субсидия алуға нақты талаптар арқылы жол беріледі. Құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз ғой, - деді Ауыл шаруашылығы министрі.
Журналистер министрден заңды негіздердің бар-жоғын тексеруді сұрады.