Ұлан ауданындағы таулы аймақта шыққан өрт сөндірілуде
Өрт техниканың жетуі қиын аумақта шыққандықтан сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда
Мамандар елді мекендерге қауіп жоқтығын мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
2023 жылдың 3 шілдесінде Ұлан ауданы Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, қол жетпейтін жерлерде құрғақ шөптер мен бұталар өртенді. Елді мекендерге қауіп жоқ, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Өрттің жердің таулы, жартасты, жетуі қиын орында болуы сөндіруді қиындатуда.
Орманшылар мен өрт сөндірушілер жасағы оқиға орнына МИ-2 және МИ-8 тікұшақтарымен жеткізілді. Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесі мен "Қазавиақұтқару" АҚ су ағызатын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылып, ол 13 рет су төкті.
Өрттің алдын ала ауданы шамамен 6 гектарды құрайды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өтті сөндіруге орманшылардан, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 180-ге жуық адам, 23 техника, Шығыс Қазақстан әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы "Қазавиақұтқару" АҚ-ның 2 тікұшағы жұмылдырылған.