Скутер мен жеңіл көлік соқтығысып, жасөспірім қаза тапты
Бүгін Ақтөбеде кәмелетке толмаған бала жүргізген скутер жеңіл көлікке соқтығысқан
Салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам ауруханада жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.
28 маусым Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан даңғылының бойында Нұр-Ғасыр мешітіне қарама-қарсы Ваз 21103 автокөлігі мен кәмелетке толмаған баланың басқаруындағы скутер соқтығысты, - делінген хабарламада. - Салдарынан скутердің жүргізушісі 17 жастағы жасөспірім Ақтөбе қаласының балалар ауруханасына жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан жансақтау бөлімшесінде қайтыс болды. Скутердің жолаушысы 19 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.