Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +22°
$
467.29
+2.01
501.03
+1.83
¥
64.34
+0.24
5.35
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мереке күндері ХҚО-лар мен автоХҚО-лар қалай жұмыс істейді?

6 шілде - Астана күні тойланатындықтан, елімізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді

Новости Казахстана / Мереке күндері ХҚО-лар мен автоХҚО-лар қалай жұмыс істейді?
Фото:
Устинка LIVE

Бұл ретте, 7 және 8 шілде күндері азаматтарды сағат 13.00-ге дейін тек кезекшілік белгіленген ХҚО-лар мен автоХҚО-лар қабылдайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 1 шілде мамандандырылған және қарапайым қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні саналады. Бұл күні ХҚО-лар азаматтарды 18.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚО-лар 20.30-ға дейін қабылдайды.

Қазіргі уақытта елдегі мамандандырылған ХҚО-лар шетелдік көліктерді тіркеу жұмысына тартылып, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 1 шілдеге дейін олар азаматтарды жұмыс күндері 9.00-ден 19.00-ге дейін (құжаттарды беру – 20.30-ға дейін), сенбі 9.00-ден 18.00-ге дейін (құжаттарды беру 19.30-ға дейін) қабылдайды, - делінген хабарламада.

Жалпы Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарға жұмыс күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші бөлімшелері - 9.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні - 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Шетелдік көліктерді тіркеу аяқталғаннан кейін мамандандырылған ХҚО-лар осы кестеге оралады.

Следующая →