Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мердігер компания мектеп жөндеуге ақша алған, бірақ міндетін орындамаған

Алматы облысында екі мектепті жөндемей, ақшасын жымқырған компанияға қатысты тергеу ісі аяқталды

Новости Казахстана / Мердігер компания мектеп жөндеуге ақша алған, бірақ міндетін орындамаған
Фото:
pexels.com

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2020 жылдың мамыр айында Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен "ПМК-7К" ЖШС арасында жалпы сомасы 855 млн теңгені құраған "Сарыбастау" және "Қарағаш" ауылдарындағы екі мектептің күрделі жөндеуін өткізуге шарт жасалған, - деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.

Компания жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстардың бір бөлігін орындамаған. Бірақ компания басшысы орындалған жұмыстар жайлы жалған акті жасап, заңсыз жолмен 57,5 млн теңгені иемденген.

Тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты. Сонымен қатар, сотталушы мемлекетке келтірілген 57,5 млн теңге сомасындағы шығынды толығымен өтеді, - деп хабарлады агенттік.


Следующая →