Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жарты жылда электросамокат салдарынан бір адам мерт болды

Жалпы жыл басынан бері электросамокаттардың қатысуымен 10 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Новости Казахстана / Жарты жылда электросамокат салдарынан бір адам мерт болды
Фото:
pexels.com

Бүгін Сенат отырысында электросамокаттар туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев биылғы бес ай ішінде самокаттарға қатысты жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам мерт болғанын айтады.

2023 жылдың бес айында еліміз аумағында электр самокаттарға қатысты 10 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осының салдарынан бір адам мерт болды. Сонымен қатар, 11 адамның жараланғаны анықталды, - деді Қайсар Сұлтанбаев. - Жол-көлік оқиғаларының жетеуі Алматы қаласында болған.

Комитет басшысы жеке адамдардың меншігіндегі самокаттардың жылдамдығын бақылау мүмкін болмай тұрғанын айтты.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы мақұлданды.

"Электрондық самокат" ұғымы енгізіліп, ол ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады және олардың қозғалысы үшін тиісті орындар айқындалды.

Атап айтқанда, Заңмен енгізілген шарттар мен тыйымдарды сақтай отырып, жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шеті бойынша электр самокаттардың жүруіне рұқсат етіледі.

Электросамокатына тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүруіне рұқсат етіледі. Шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттары жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

Следующая →