Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қостанайда бір топ адам жоқ өнім үшін 500 млн теңге субсидия алған

Қылмыстық схеманы ұйымдастырған күдікті мен оның сыбайластары қамауға алынды

Новости Казахстана / Қостанайда бір топ адам жоқ өнім үшін 500 млн теңге субсидия алған
Фото:
видеодан алынды

2022 жылдан бері әрекет етіп келе жатқан топтың әрекетін ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облыстық департаменті қызметкерлері әшкерелеген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қостанайда бір топ жеке тұлға агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша субсидия ретінде бөлінген 500 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, - делінген хабарламада. - 2022 жылдан бүгінге дейін әрекет етіп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен әшкереледі.

Қылмыстық схема бойынша шаруа қожалықтары шын мәнінде жоқ өнімді қайта өңдеу зауытына жеткізген сыңай танытып, сол үшін субсидия алып отырған. Ал субсидияны ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар өзара үлестірген.

Ұйымдастырушы мен оның екі сыбайласы қамауға алынып, сот оларды 2 айға қамауға алу туралы санкция берді, - деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.


Следующая →