Өскемен
пасмурно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +25°
$
441.41
+0.51
477.78
+1.83
¥
61.12
+0.17
4.84
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде азық-түлік дүкені өртеніп, 30 адам эвакуацияланды

Бүгін таңғы сағат 04.40-та Сәтбаев даңғылындағы азық-түлік дүкенінде өрт шықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде азық-түлік дүкені өртеніп, 30 адам эвакуацияланды
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

Дүкен он қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан. Сауда жабдықтары мен азық-түлік өнімдері жанып кетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады, - делінген ақпаратта. - Сағат 05.40-та 25 шаршы метр алаңды шарпыған өрт сөндірілді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылған. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр жабдығының авариялық жұмыс режимі және электр жабдығын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.

ШҚО ТЖД өрт кезінде 112 немесе 101 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажеттігін еске салады.

Следующая →