Өскемен
облачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +25°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +25°
$
471.83
-3.35
505.66
-5.06
¥
64.89
-0.49
5.4
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Энергетика министрі Риддер ЖЭО-ны тексеруді жоспарлауда

Алмасадам Сәтқалиев таяу уақытта Риддер мен Астанадағы жылу беру орталықтарына бармақ

Новости Казахстана / Энергетика министрі Риддер ЖЭО-ны тексеруді жоспарлауда
Фото:
ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен

Бұл туралы Мәжілісте Энергетика министрінің журналистердің сұрағына жауап беру барысында белгілі болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Риддер мен Астанадағы жылу беру жүйесі нысандарының тозуы жағдайына қатысты пікір білдірді.

Бұл нысандар бойынша өте күрделі тәуекелдер бар. Оларға бұған дейін қаражат аз бөлінген. Бірқатар жылу электр орталықтарындағы жағдай өте қиын. Ендігі біздің міндет - бұл нысандардың жылу беру маусымына дайын болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау, - деді Алмасадам Сәтқалиев Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, ол ел өңірлеріндегі жылу электр орталықтарына не себепті әлі бармағанын айтты.

Нысандарды аралап шығуға қатысты тиісті жоспар жасалды. Бұл жоспар Үкімет басшысының орынбасарымен, әкімдіктермен келісілді. Таяуда негізгі нысандардың барлығын аралап шығуды жоспарлап отырмын. Неліктен осы күнге дейін бармадым? Бұл негізінен жөндеу жұмыстарының кестесіне қатысты. Яғни, мердігер ұйымдар нақты іріктелген кезде, атқарылатын жұмысқа жауаптылар болғанда ғана сапар нәтижелі болады. Бұл тұрғыда іске асырылып жатқан жұмыс қарқынын нақты көруге болады. Яғни олардың қаншалықты үлгеріп жатқанына нақты баға береміз, - деді министр.

Следующая →