"Қазақстан барысына" бөлінген 1 млрд теңге қайда жұмсалды?
Алматыда қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген бюджет қаржысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеруде, - делінген хабарламада. - Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.