"ҚАШ" фильмінің режиссері Шанхайда үздік атанды
Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды
Айсұлтан Сейітов Шанхайдың 25-ші мерейтойлық халықаралық кинофестивалінде "ҚАШ" дебюттік картинасымен "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.
"ҚАШ" фильмі қысқа тізімге еніп, Asian New Talent санатындағы бірден үш номинацияда Best Film - Aisultan Seitov; Best Director - Aisultan Seitov; Best Script Writer - Ablay Nurmanbetov жеңіске жетті.
Фестиваль бағдарламасында туындыны Айсұлтан Сейітов, Qara Studios бас продюсері Еркебұлан Күрішбаев және сценарий авторы Абылай Нұрманбетов таныстырды. "ҚАШ" фильмінің түсірілімі 2020 жылы басталды, ал 2022 жылы Қазақстанда жалпы прокатқа шықты. Фильмді көрермендер жылы қарсы алды, сондай-ақ қазақстандық киносыншылардың бірқатар марапатын алды. Көркем туынды 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық трагедиясын екі ағайындының жеке оқиғасы арқылы баяндайды.
Шанхай кинофестивалі, кең халықаралық бағдарламасы бар Қытайдың ең ірі кинофестивалі және беделді халықаралық кинофестивальдердің бірі болып табылады. Биыл 9-18 маусым аралығында өтті.