Өскемен
Бұлтты
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Семей
    -5°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -8°
  • Астана
    -2°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Ақтау
    +7°
  • Атырау
    +5°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +1°
  • Түркістан
    +7°
  • Орал
    -3°
  • Шымкент
    +5°
$
491.29
-0.39
562.92
-5.31
¥
71.25
-0.32
6.1
-0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО оқушылары "Айбын-2023" әскери-патриоттық жастар жиынына аттанды

Ертең Қарағанды облысында жыл сайынғы "Айбын" жастар жиыны басталады

Новости Казахстана / ШҚО оқушылары "Айбын-2023" әскери-патриоттық жастар жиынына аттанды
Фото:
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінен

Жарыстар 17-23 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскеменде "Айбын" әскери-патриоттық жиынының облыстық кезеңі ұйымдастырылған болатын. Онда Алтай ауданының құрамасы үздік нәтиже көрсеткен. Яғни, №8 мектептің жасөспірімдері халықаралық кезеңге жолдама алды. Бүгін жас жеткіншектерді ата-аналары, сыныптастары ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті өкілдері дүбірлі додаға шығарып салды. Облыстың намысын арқалап кеткен өрендерге сәтті сапар тіледі.

Облыстық кезең жеңіл болды деп айта алмаймын. "Айбын" әскери-патриоттық жиынына өңірдің мықты командалары қатысты. Дегенмен, жетекшіміздің бізге берген тапсырмаларын толық орындағанымыздың арқасында бүгін халықаралық сында бақ сынауға мүмкіндік алып отырмыз. Жеңістің тұғырынан көрінуге бар күш-жігерімізді саламыз, - деді қатысушылардың бірі Аружан Матактанова.

Жарыстар 17-23 шілде аралығында Қарағанды облысының "Спасск" оқу орталығында өтеді.

Оқу орталығының аумағында 43 командадан тұратын 700-ден астам жасөспірімдер мен оқушылар үшін шатырлы лагері ашылды, - ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз ақпаратында. - Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14-17 жас аралығындағы балалар қатысады. Биылғы жиынға алғаш рет Әзербайжан мен Өзбекстанның командалары шақырылып отыр. Байқау бағдарламасында "Айбын дарыны" зияткерлік ойыны және "Күшіміз – бірлікте" әскери-далалық тактикалық ойыны, "Айбын жұлдызы" шығармашылық байқауы және Smart Sarbaz робототехника сайысы бар. Әскери-спорттық, әскери-қолданбалы спорт түрлері және әскерилендірілген эстафета бойынша жарыстар өткізу үшін алаңдар дайындалды.


Следующая →