Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды
Ол жол жөндеу құжаттарына қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталуда
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ағымдағы жылдың 15 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында кәсіпкерден пара алды деген күдікпен жолдарды жөндеудегі мемлекеттік сатып алу шартындағы орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ұсталды, - делінген хабарламада.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті Павлодар қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.