Ертең Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Түркістанға барады
Фото:
akorda.kz
Онда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE Ақорданың баспасөз қызетіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрылтайдың I отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытауда өткен болатын.