Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шымкент мешітінің ұстазы балаларды неге ұрған?

Шымкент қаласындағы мешітте ұстаз балаларға күш қолданған

Новости Казахстана / Шымкент мешітінің ұстазы балаларды неге ұрған?
Фото:
pexels.com

Қазнетте тараған видео авторлары 7 және 9 жастағы балаларды аят пен хадис жаттамағандары үшін ұстаздары ұрған деп жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеода балалардың арқаларында соққы іздері, көгерген және қанталағаны көрінеді.

Бірақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл нұсқаны жоққа шығарды. Ведомствоның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, діни тәлімгер жеке басының мәселесіне байланысты ашуланып, балаларға қол көтерген. Кәмелетке толмағандардың ата-анасы балаларын мешіт қызметкеріне оқуға берген. Ол бос уақытында үйінде балаларды оқытқан. Мешіт қызметкері этиканы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылған.

Оқиға Шымкентте болды. Сарыағаш ауданының тұрғындары өз сыныптасы - мешіт тәлімгерінен ұлдарына дін сабағын беруін өтінген. Өкінішке қарай, Таспау Сәлімбай мешітінің ұстазы Рүстем Асқаров күнделікті басқа да мәселелерге ашуланып, кәмелетке толмағандарға қол көтерген. Оқиға медреседе болмаған. "Құранды дұрыс оқымағаны үшін балаларды соққыға жыққан" деген пікір шындыққа жанаспайды. Қорытынды жасауға асықпауларыңызды сұраймыз, - деді ҚМДБ өкілі.

Шымкент Полиция департаменті осы мәселе бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша Тұран аудандық полиция бөліміне тіркелді, - деді Шымкент ПД өкілдері.

Следующая →