Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

1-сыныпқа баратындардың көбі қазақша оқығысы келеді

ШҚО-да мектеп табалдырығын биыл бірінші рет аттайтын бала саны көп

Новости Казахстана / 1-сыныпқа баратындардың көбі қазақша оқығысы келеді
Фото:
Устинка LIVE

1-сыныпқа қабылдау туралы өтініштер 1 тамызға дейін қабылданады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің хабарлауынша, бүгінгі күні 1-сыныпқа қабылдауға 249 737 өтініш түсті. Оның ішінде балалардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады.

Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүргізілуде. Ата-аналар белсенділік танытып жатыр. Биылғы бірінші сыныпқа қабылданушылар арасында мемлекеттік тілде оқығысы келетіндер көп. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша Қызылорда (94,1%), Маңғыстау (93,2%), Ұлытау (82,5%), Түркістан (80,6%) және Жамбыл (79,4%) облыстары ең жоғары көрсеткішпен алда тұр, – деді комитет төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Қазіргі уақытта 1-сыныпқа қабылдау бойынша өтінімдер Қызылорда (92%), Ұлытау (83,7%), Шығыс Қазақстан (78%), Маңғыстау (87,1%) Түркістан (79,8%) облыстарында көп түскені байқалады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Сондай-ақ, денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі. Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады деп күтілуде.

Следующая →