Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тракторшы өрттен қаза болғандар тізіміне енгізілмейді

Ормандағы өртті сөндіруге кеткен Сергей Архипов жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болған

Новости Казахстана / Тракторшы өрттен қаза болғандар тізіміне енгізілмейді
Фото:
Polisia.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, жоғалып кеткен 1987 жылы туған Сергей Архиповтың денесін кеше Абай облысы полиция департаментінің қызметтік иті тапқан болатын.

10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды, - делінген хабарламада. - Ер адамның зорлық-зомбылықпен қайтыс болу белгілері, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғандығын көрсететін белгілер табылған жоқ. Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі - кардиомиопатия нәтижесінде болғандығы анықталды.

Яғни, Сергей Архипов Семей орманындағы өрттен қаза болғандардың тізіміне енгізілмейді.

Сергей Архиповтың денесі мен тракторы өрт болған аумақтан басқа жерде табылды. Ол өрт салдарынан қаза болмаған, - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Следующая →