Дәрігерлер мерекесін тойлау кейінге шегерілді
Медицина қызметкерлері күніне арналған іс-шаралар кейінге қалдырылды
Абай облысындағы табиға апатқа байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осындай шешім қабылдаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Абай облысындағы соңғы оқиғаларға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі "DENI SAU ULT" ұлттық медициналық саммитінің өткізілуін және жыл сайынғы "ALTYN SHIPAGER" ұлттық медициналық жүлдесінің тапсырылуын кейінге қалдырды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, еліміздің әр өңірінен 1500-ға жуық медицина қызметкері қатысатын салтанатты шара 14 маусымға жоспарланған болатын. "ALTYN SHIPAGER" ұлттық медициналық жүлдесін де осы кеште табыстау жоспарланған еді.