Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +31°
$
449.76
+1.64
483
+1.90
¥
62
+0.17
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО лагерьлері балаларды қабылдауға дайын ба?

ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау мамандары балалардың демалыс лагерьлеріне барып тексерді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО лагерьлері балаларды қабылдауға дайын ба?
Фото:
ШҚО ТЖД-дан

ШҚО-да жазғы кезеңде балаларды қабылдайтын 19 лагерь есепке алынған, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Балалардың сауықтыру лагерлеріндегі қауіпсіздік шараларын тексеру бойынша ведомствоаралық комиссиялар құрылған. Бүгінгі таңда барлық лагерьлер тексерілді, олардың бірінші басшыларына объектілерді өртке қарсы күйге келтіру бойынша ұсыныстар берілді.


Орман алқаптарында немесе оларға тікелей жақын орналасқан балалардың жазғы демалыс орындарының аумағында өрттің алдын алу үшін ені кемінде 4 метр минералданған өртке қарсы жолақтары болуы керек. Аумақты жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, құрғақ шөптерден тазарту, өртке қарсы сумен, пирстермен, су айдындарымен, құрғақ құбырлармен қамтамасыз ету керек. Шатыр бөлмелерінің ағаш конструкцияларын отқа төзімді өңдеуден өткізу қажет. Өрт автоматикасы жүйесін ақаусыз күйде ұстау және бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы тиіс. Стационарлық жабдықтың, электр сымдарының және жарықтандыру желісінің күйін тексеру қажет. Ғимараттың барлық қабаттарының терезелеріне тор орнатпау және эвакуациялау жолдарының ашық болуы қадағалау керек, - деді Нұржан Өміржанов.

Лагерьлер алдында ШҚО ТЖД мамандары балалардың демалысы мен сауығын ұйымдастыру мәселелері бойынша қосымша түзетулер енгізді. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына тексерулер жүргізілді. Лагерь қызметкерлеріне ШҚО ТЖД мамандары қауіпсіздік нұсқамаларын өткізді.

Следующая →