Өскемен
пасмурно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    +8°
$
494.95
+2.30
525.49
-0.22
¥
68.4
-0.07
5.05
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алашорда ісі бойынша көптомдық дайындалып жатыр

Осыдан үш жыл бұрын Президенттің жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылған

Новости Казахстана / Алашорда ісі бойынша көптомдық дайындалып жатыр
Фото:
akorda.kz

Мемлекеттік комиссияның жұмысына қолдау көрсету мақсатында 2021 жылы ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылған болатын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Устинка LIVE Ақорданың ақпаратына сүйеніп.

ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратураның арнаулы мұрағаттарынан ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар орталыққа беріледі.

Орталық таяу уақытта барлығы 715 мыңға жуық істі қабылдап алады деп жоспарланып отыр. Мұнда құжаттарды құпиясыздандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады. Оларды зерттеу және ғылыми айналымға енгізу үшін тиісті жағдай жасалған, - делінген хабарламада. - Қазіргі уақытта тарихшы-ғалымдар мен орталық қызметкерлері "Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар" атты көптомдықты баспаға дайындап жатыр. Бұл басылым ХХ ғасырдағы Қазақстанның саяси тарихының ғылыми көкжиегін кеңейтеді.

Орталықтың қорында 1 миллион 132 мың іс сақталған.

Осы орайда айта кетейік, ел Президентінің "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Жарлығы аясында ШҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құрылған. Тек 2023 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыс тобының сарапшылары 107 қорды зерделеп, 2466 істі қараған.

Следующая →