Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Омыртқа патологиясын емдеуде ШҚО нейрохургтері жаңа тәсілдерді енгізуде

Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың дәрігерлері омыртқаны емдеудің инновациялық әдістерін қолданады

Усть-Каменогорск и ВКО / Омыртқа патологиясын емдеуде ШҚО нейрохургтері жаңа тәсілдерді енгізуде
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен

Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың нейрохирургтары омыртқа патологиясын емдеу тәжірибелеріне ең аз инвазивті әдістемені - заманауи шағын-TLIF технологияларын енгізді, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО Денсаулық сақта басқармасы ақпаратына сүйеніп.

12 наурыз бен 6 мамыр аралығында шығысқазақстандық нейрохирургтер бірінші Санкт-Петербург медициналық университеті нейрохирургия бөлімшесінің базасында оқып келді.

Тренинг омыртқаға алдыңғы жағынан және бүйірден қол жеткізу, дискінің дегенеративті ауруларын эндоскопиялық емдеу, соның ішінде диск грыжаларын да және омыртқаның негізгі ісіктерін эндоскопиялық емдеу сияқты үш тақырып бойынша өтті. Дәрігерлер омыртқаны және омыртқаның дегенеративті аурулары мен омыртқааралық дискілер мен грыжалардың барлық түрлерін хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін зерттеді.

Қазір облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың базасында клиникалық практика - өңір тұрғындарына омыртқаға аз инвазивті операция түрлері жасала бастады. Жақында орталық нейрохирургтері 33 жастағы науқас әйелдің грыжасын шағын-TLIF әдісі бойынша алып тастады. Мамандандырылған көмек науқасқа МӘМС аясында көрсетілді.

Науқастың омыртқа дискісіндегі грыжаны алып тастадық, омыртқаны тұрақтандырып, медиальды тәсілмен имплантты орнаттық, яғни буындардың өскіндері сақталды, - деп түсіндірді орталықтың нейрохирург дәрігері Нұртас Ақазин.

Оның айтуынша, болашақта медициналық орталық базасында омыртқаға алдынан-бүйірінен қол жеткізу операцияларын жасау, сондай-ақ жол-көлік апаттары кезінде алған жарақаттардан болған күрделі сынықтар кезінде импланттарды орнату жоспарлануда.

Инновациялық әдістермен емдеудің барлығы МӘМС пакетіне кіретінін, пациенттер үшін тегін екенін естеріңізге саламыз.

Следующая →