TikTok-та заңсыз құмар ойындарды насихаттайтын 100-ден астам аккаунт анықталды
Негізінен барлығы бірдей принцип – бәс тігуге шақыратын карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка
Бәстің төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады.
Желілік талдау нәтижесінде біз онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықтадық, - делінген хабарламада. - Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың әрекеттері заңсыз. ҚР ҚҚ 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазірдің өзінде сотталғандар бар.
Мәселен, TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта сотта TikTok желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралуда.