ШҚО Жас жол қозғалысы инспекторлар отряды Минскіден жүлделі оралды
Шығыс Қазақстан командасы Жас жол қозғалысы отрядының 50-ші республикалық слетінде 1-орынды иеленді
23-27 мамыр аралығында Минскіде өткен мерейтойлық слет-конкурсқа облыстық және Минск қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қазақстан командалары қатысты. 10-17 жас аралығындағы 68 бала барған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Слет-конкурс аясында балалар оқу бағдарламасына қатысып, жол жүрісі қағидалары бойынша теориялық емтихан тапсырған, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдыларын, нақты жол қозғалысына ұқсас жағдайларда велосипед жүргізумен қатар, "Жолда" сюжеттік-рөлдік ойынында өздерін көрсетіп, қазылар алқасының назарына өздерінің шығармашылық таланттарын ұсынған.
Жалпы есептік қорытынды бойынша "Aq jol" балалар-жасөспірімдер клубында оқитын Өскемен қаласының жас жол инпекторлары 1-орынға ие болды.
Мұндай халықаралық жарыс балалардың жолдағы қауіпсіздік туралы білімдерін тексеріп қана қоймай, бір іске қызығушылық танытатын балаларды біріктіруге, достасуға мүмкіндік берді, - деп атап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нүриев.