Қазақстанда ПИК-тер жұмысын жалғастыратын болды
Мәжіліс депутаттары "Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" заңды мақұлдады
Яғни, ПИК және тұтыну кооперативтері Қазақстандағы жұмысын жалғастырады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда заң күшіне енген болатын, оған сәйкес меншік иелерінің бірлестіктері (МИБ) ПИК-ті алмастыратын болды. Реформа 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырылуы керек еді. Кейін көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшіру мерзімдері былтырғы 1 шілдеге дейін ұзартылды.
Биыл сәуірде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай реформаның орындалуына күмән келтірген болатын.
Меншік иелерінің бірлестігі институтын енгізуге бағытталған реформа аяқталмады пәтер иелері кооперативімен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп жатыр. Біз меншік иелерінің бірлестігі реформасымен үлкен қате жібердік, - деді Мемлекет басшысы.