Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде өткен волейбол жарысында Павлодардың ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері жеңіске жетті

Өскеменде еліміздің ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері арасында волейболдан республикалық турнир өтті

Новости Казахстана / Өскеменде өткен волейбол жарысында Павлодардың ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері жеңіске жетті

Спорт жарысы ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Барлық өңірдің ұлттық қауіпсіздік органдарының командалары алғаш рет Өскемен қаласында ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасының кубогіне арналған республикалық турнирде бос қосты. 15 мамырдан бері облыс орталығындағы Жекпе-жек сарайында бас-аяғы 23 команда жеңіс үшін тер төкті.

19 облыс пен ҰҚК академиясы, ҰҚК Шекара қызметі академиясы, ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметі мен ҰҚК орталық аппаратының командалары өзара бақ сынасты. Тек Алматы облысы ғана турнирге келмеді, -  дейді  жоғары санатты ұлттық төраға Валентин Измайлов. - Жалпы әр команда жаман ойнаған жоқ. Бірақ құрамында бұрын спортпен айналысқан жігіттер ойнайтын командалардың ойын өрнегі бөлек, басқалардан басым екені көрініп тұрады. Мәселен, Шекара қызметі академиясы, Павлодар, ШҚО, Ақтөбе командаларын атауға болады. Бұл командалардың құрамындағы ойыншылардың жартысына жуығы жоғарғы лига, ұлттық лигаларда ойнаған, волейболдан хабары бар спортшылар.

Финалдық ойында 23 командадан оқ бойы озық шыққан Павлодар облысы мен Шекара қызметі академиясының командалары кездесіп, басты кубок үшін тартысты ойын көрсетті.

Жартылай финалда Павлодар департаментінің командасы ақтөбеліктермен ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Фналдық ойында Шекара қызметі академиясының командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ел қамы үшін, елдің қауіпсіздігі жұмыс атқарады. Осы орайда спорттық дайындыққа көп көңіл бөлінеді. Алғашқы рет бүкіл аймақтық органдарды бір жерге жинап үлкен турнир өткізіліп отыр. Төрағаның кубогіне арналған ойындар әр түрлі себептерге байланысты 2017 жылдан бастап өткізілмеген болатын. 5-6 жылдан кейін әр департамент мықты дайындықпен келген. Біздің команданың дайындығына жағдай жасаған Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылық құрамына, соның ішінде Нұрғанат Нұрбапаұлына, Тамирлан Телманұлы генералдарымызға алғыс білдіреміз, - дейді Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілі Даурен Абишев.


Следующая →