305 мың талапкердің 75%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады
Биыл негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге 305 талапкер өтініш білдіріп отыр
18 мамырда негізгі ҰБТ-2023 басталды, ол 5 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігі ақпаратына сүйеніп.
166 мың талапкер екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мың өтініш берген. Оның ішінде тапсырушылардың 75%-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде, 243 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді, - делінген ақпаратта.
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласында орналасқан тестілеу орталығына барып, ҰБТ-ның өту барысымен танысты.
Осы жылдан бастап біз барлық талапкерлерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге байланысты ерекше мүмкіндік беріп отырмыз. Енді сіздер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатысуға қатыса алады. Бүгін Қазақстанда біз шекарасыз білім беруге ұмтыламыз. Сіздердің сапалы білім алып, өз әлеуетіңізді толық ашу үшін мүмкіндік жасаймыз, - деп атап өтті Саясат Нұрбек тестілеуге келген түлектерге.