Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік әскери қызметші "Қазақстан барысы" жарысына жолдама алды

Ол республикалық сайыста тек ШҚО-ның емес, ҚР Қарулы Күштерінің де намысын қорғайтын болады

Новости Казахстана / Өскемендік әскери қызметші "Қазақстан барысы" жарысына жолдама алды
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Елімізде "Қазақстан барысы" жарысы 12 жыл үздіксіз өткізіліп келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскемен гарнизоны №27943 әскери бөлімінің гарнизондық спорт кешенінің бастығы капитан Талғат Амренов "Қазақстан барысы-2023" іріктеу турнирінен, яғни "Шығыс Қазақстан барысы" жарысынан жүлделі ІІ орынға ие болып, республикалық додаға жолдама алды.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі армиясының орталық спорт клубының спортшысы Талғат Амренов - дзюдо, самбо күрестерінің спорт шебері және осы екі спорт түрлерінен Қазақстан чемпионы, ересектер арасындағы Қазақ күресінен Қазақстан және әлем чемпионы, қазақ күресінен халықаралық спорт шебері, көптеген жарыстардың жүлдегері, - деп хабарлады Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі.

imgonline-com-ua-Resize-H40WURu0aNs.jpg

2011 жылы Талғат Қанатұлы дзюдодан Қазақстан чемпионы атанғаннан кейін Қазақстан Қорғаныс министрлігі армиясының орталық спорт клубына мерзімді қызметке сарбаз болып шақырылды. Әскери борышын өтегеннен кейін, ол келісімшарт бойынша әскери қызметін жалғастырды және сол жылдан бері армияның орталық спорт клубында қызмет етті. Әскери келісімшартпен қызмет етіп жүрген кезде Талғат Қанатұлы әлем чемпионаттарында, ТМД елдері арасындағы чемпионаттарда, шетелдік ойындарда ҚР Қарулы Күштерінің атынан өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып отырды.

2017 жылы Белоруссия елінің Минск қаласында қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша 100 келіден жоғары санатта әлем чемпионы атанады. Осы атақтан кейін ол офицерлік лауазымға тағайындады.

Биыл Талғат Амренов "Қазақстан барысы" жарысына төртінші рет қатысады. 2015 жылы ол республикалық додаға Шығыс Қазақстан облысының атынан, 2016 және 2019 жылы "Әскер барысы" іріктеуінің жеңімпазы ретінде қатысты.

Биылғы "Қазақстан барысының" іріктеу турнирі өте тартысты өтті. Шығыс Қазақстан облысының мықты деген балуандары жиналды. Әр ауаданнан шамамен екі балуаннан қатысты, олардың ішінде салмақты деген 16 адам болды. Спортшылардың дайындық деңгейін жоғары бағалаймын. Өзім 4 белдесу өткіздім. Бірінші Күршім ауданының балуанымен, кейін Өскемен қаласының, Шемонаиха ауданының балуандарымен күрестім. Соңғы белдесуімде Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының балуанына есе жіберіп, жүлделі екінші орынға орнықтым, - дейді капитан Талғат Амренов.


Следующая →