Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР Жазушылар одағына жаңа төраға тағайындалды

Ұлықбек Есдәулет ҚЖО төрағасы ретінде жұмысын тоқтататын, сайлауға түспейтінін мәлімдеді

Новости Казахстана / ҚР Жазушылар одағына жаңа төраға тағайындалды
Фото:
ашық дереккөзден

Алматы қаласында Қазақстан жазушыларының кезекті ХVІ құрылтайы өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бес жылда бір рет өтетін жиында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазушыларға құттықтауын жеткізді.

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет бес жылда атқарылған жұмыстар жөнінде есептік баяндама жасады.

Ол 15 елдің қаламгерлері мүше ретінде кірген Түркі дүниесі жазушылар одағының төрағасы болып сайлануына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді. Одақ төрағасы қызметін Ұлықбек Есдәулет 2018 жылдан бері атқарған.

Бүгінгі жиында одаққа жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов сайланды. Нұржан Қуантай, Бауыржан Жақып, Қасымхан Бегманов, Ғалым Қалибек, Бейбіт Сарыбай Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.

Следующая →