Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ресейдегі өрт СҚО-дағы бірнеше қаланың ауасын ластады

Ресей мен Петропавлдағы өрттен шыққан қою түтін Қазақстанның солтүстік облыстарының ауасын ластады

Новости Казахстана / Ресейдегі өрт СҚО-дағы бірнеше қаланың ауасын ластады
Фото:
depositphotos.com

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК жазды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Мереке күндері Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарының тұрғындары көкшіл түтінді байқады. Болжам бойынша, бұл түтін Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында және Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарында, Батыс Сібірдің оңтүстігінде шыққан өрттен пайда болған, - делінген хабарламада.

"Қазгидромет" РМК атмосфералық ауа мониторингі жөніндегі бақылау желісінің деректері бойынша, 2023 жылғы 10 мамырда сағат 00.00-ден 12.00-ге дейін Петропавл, Көкшетау, Степногорск, Атбасар, Щучинск, Ақсу кенті (Ақмола облысы), Екібастұз, Ақсу (Павлодар облысы), Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жітіқара, Арқалық қалаларында және Қарабалық кентінде шекті шоғырлану мөлшерінің асып кеткен жағдайлары тіркелген жоқ.

Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы үш тәулікте оңтүстік циклон арқылы Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады және желдің күшеюі болжанған.

11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте және 13 мамырда елдің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Бұл ластаушы бөлшектердің жойылуына ықпал етіп, атмосфералық ауаның сапасына жағымды әсер етеді, - делінген хабарламада.

Следующая →
Тақырыптар: СҚО Ауа ластанды Өрт