Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде әскери-спорттық эстафета өтті

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жанындағы әскери кафедраcында әскери-спорттық эстафета ұйымдастырылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде әскери-спорттық эстафета өтті
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Сайыс Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың 65 жылдығын мерекелеу құрметіне орайластырылған, деп хабарлайды Устинка LIVE Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жанындағы әскери кафедра Қазақстан Республикасының әскери оқыту резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы күштері үшін офицерлік және сержанттық құрамның бастапқы лауазымдарын қосымша толықтыру мақсатында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери даярлықты жүзеге асырады.

Әскери кафедра Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде 1999 жылы ашылды.

Мерейлі күндерге орай ұйымдастырылған әскери-спорттық эстафетаның мақсаты – жас ұрапаққа патриоттық тәрбие беру, Қазақстан Республикасы азаматының жоғары имиджін арттыру, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру жолындағы жұмысты жетілдіру.

Отан қорғаушылар күні мен Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталған күні біздің еліміз үшін ерекше күндер. Бұл күні біздің аталарамыз бен әкелеріміз Отанын қорғау үшін өз жандарын қиып, бізге ашық аспан астындағы бейбіт өмірді сыйлады. Мұндай айтулы күндерге орай ұйымдасырып отырған эстафета арқылы біз жастарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери борышын орындауға дайындауды, әскери кәсіптерді игеру ісінде жастар бастамасын қолдап және дамытуды, болашақ Отан қорғаушыларды Қарулы Күштердің жауынгерлік дәстүрлеріне тәрбиелеуді, студенттер арасында қолданбалы спорт түрлерін насихаттауды, отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді, жеке қасиеттерді, командалық рухты және ұйымшылдықты көрсетіп,жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды көздеп отырмыз, - деді әскери кафедра бастығы Мансуров Олег.

Әскери-спорттық эстафета 17 сәуірден 3 мамыр аралығында екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде әскери кафедраның (факультеттердің) циклдарында командаларды қалыптастырып, оларды алдын ала даярлады. Екінші кезеңде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасының командалары арасындағы бірнеше кезеңнен тұратын тарысты дода ұйымдастырылды.

Эстафета Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ стадионында өткізілді. Эстафеталық таяқша ретінде кезеңнен кезеңге АК-74 оқу автоматы берілді. 1-кезеңде студенттер автоматты бөлшектеп құрастырып, автоматпен 20 м жүгірді. 2-кезеңде жараланған адамды екі жағынан аяқтарын көтеріп, келесі мәреге дейін жүгіреді. 3-кезеңде студенттер автоматпен оқ-дәрілері бар қорапты 20 м қашықтыққа тасыды. 4-кезеңде екі аяғы байланған сарбаздар болып жүгірді. 5-8 кезеңдерде Get I into RUGBY халықаралық бағдарламасы бойынша регби элементтері бар эстафета ұйымдастырылды.

Эстафета соңында барлық қатысушылар салтанатты түрде алғыс хат және кубоктармен марапатталды.

Следующая →