ШҚО-да білім саласында жемқорлық көп
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі еліміздің барлық білім беру ұйымдарында аудит жүргізбек
Агенттік пен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірлесіп білім беруді қаржыландыру кезінде жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге білім беру саласындағы түрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстар себеп болды, деп хабарлайды Устинка LIVE агенттіктің ақпаратына сүйеніп.
Тек соңғы 3 жылда осы салада 300-ден астам жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді, оларды жасауда 200-ге жуық адам әшкереленді.
Жалпы қылмыстар республиканың барлық өңірлеріне тән бола тұра, олардың ең көп саны Шымкент қаласына, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарына тиесілі.