Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ертеңнен бастап Өскеменде жылу беру тоқтатылады

Алдағы күндері сыртқы ауа температурасы жылына түседі, сондықтан қалада жылу беру тоқтатылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Ертеңнен бастап Өскеменде жылу беру тоқтатылады
Фото:
редакция мұрағатынан

"Өскемен жылу жүйелері" АҚ 26 сәуірден бастап тұрғын үйлерге жылу беруді тоқтатпақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Алайда өтініш білдірген тұтынушылар 26 мамырға дейін жылуды пайдалана алады.

Өтініш бойынша "Өскемен ЖЭО" ЖШС және "Согра ЖЭО" ЖШС (Жаңа Согра кенті) жылу көздерінен қосылған тұтынушыларға төмендетілген гидравликалық параметрлерде жылыту жүйелерін пайдалануға рұқсат етіледі:

  • балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, оның ішінде есепке алу аспаптары жоқтарға 26.05.2023 ж. дейін;
  • меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға жылу жүйелеріндегі жылу энергиясын есепке алу аспаптары және жалпы үй есептегіш аспаптары бар көппәтерлі тұрғын үйлерге 26.05.2023 ж. дейін.

Өтініштер электронды түрде ukheatnets@ukteplo.kz поштасына қабылданады, - делінген "Өскемен жылу жүйелері" АҚ хабарламасында. - Өтініште тұтынушы міндетті түрде қосымша "төмендетілген гидравликалық параметрлердегі жылу беру жүйесінің жұмысына келісемін" деп жазуы керек. Өтініштер М. Горький көшесі, 61 мекенжайы бойынша сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, ал сенбі күні 09.00-ден 14.00-ге дейін қабылданады. Жексенбі – демалыс.

Қосымша сұрақтарды кәсіпорынның Instagram @ukts_info парақшасында да қоюға болады.

Следующая →