Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР Президенті: "Әкімдер қалада жаяу жүруі керек"

Семейдегі аулалардың біріндегі қауіпті балалар алаңы мемлекет басшысының назарына ілікті

Новости Казахстана / ҚР Президенті: "Әкімдер қалада жаяу жүруі керек"
Фото:
Ақорданың ресми сайтынан

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақорданың ақпаратына сүйеніп.

Біз барлық қалаларды көркейтуге барынша мән беруіміз керек. Мойындау керек, біздің қалаларымыздың көрінісі көңіл көншітпейді. Ойын алаңдары жабдықталмаған, үйлердің тозығы жеткен, - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол бюджеттері әлдеқайда аз болса да шетелдегі, әсіресе Шығыс Еуропадағы, Балқандағы қалалардың жағдайы жақсырақ екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы бұл биліктің жұмысы болғанымен, сол қалаларда тұратын халық та жауапкершгілікті сезінуі керектігін айтады. Тұрғындардың өз көшесі мен үйіне немқұрайлы қарауы жалпы елдің имиджі мен беделіне нұқсан келтіруде. Бұндай немқұрайлық астанада да байқалады.

Елорданың жоғары мәртебесіне қаланың орталығы ғана емес, оның шеткі аудандары да сай болуы керектігін бірнеше рет айттым. Әзірге қалалардың жағдайы өте нашар, оны мойындау керек. Бұл жерде барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихат өкілдері отыр. Назар аударыңыздар. Жақында телеарналардың бірінен Семейдегі балалар алаңы жайлы сюжет көрсетілді. Бұл алаңда ойнау қауіпті. Әкімдер қалалар мен елді мекендерде жаяу жүрулері керек. Бұл астанаға да қатысты, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.



Следующая →