Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Бүгіннен бастап "Ертіс" және "Күршім" паромдары жазғы кестемен жүреді
Паромдар "Қызыл ту" өткелінен қатынайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы паромның жазғы кестесі мен 2023 жылға арналған автокөлік тасымалдау тарифтерін жариялады.
Кесте бойынша "Күршім" паромы Күршім жақтан таңғы сағат 7.00-ден бастап әр екі сағат сайын кешкі 19.00-ге дейін жүрсе, Самар жақтан бірінші паром сағат 8.00-де қозғалады да әр екі сағат сайын кешкі 20.00-ге дейін қатынайды.
Ал "Ертіс" паромы Күршім жақтан таңғы сағат 6.00-ден бастап әр екі сағат сайын кешкі 20.00-ге дейін жүрсе, Самар жақтан бірінші паром сағат 7.00-де қозғалады да әр екі сағат сайын кешкі 21.00-ге дейін қатынайды.
2023 жылға арналған автокөлік тасымалдау тарифтері төменде.