Өскемендегі қыздар төбелесі төңірегінде тағы бір қауесет тарады
Әлеуметтік желіде Өскеменде соққыға жығылған қыз өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарай бастады
Алайда Tengrinews.kz бұл ақпараттың фейк екенін анықтаған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Редакция нөміріне келген видеода бойжеткеннің көпқабатты үйдің балконынан секіргені бейнеленген. Ол бұл әрекетін видеоға түсіре отырып, бұл қадамға өз еркімен баратынын, бұл әрекетке өзін ешкім итермелемегенін және ешкімді кінәламайтынын айтып, секіріп кеткен.
Шығыс Қазақстан облысында соққыға жығылған қыз өз-өзіне қол жұмсады деп жатыр. Мына ақпаратты тексере аласыз ба? Бұл жалған ма, әлде шынымен солай ма? - деп жазған оқырман.
Алайда бұған қатысты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері бұл дерек биыл ақпанда Алматыда болғанын хабарлады. Кейін бұл ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаменті де растаған.
Бұл дерек биыл ақпанда Жетісу ауданында болған. 2007 жылы туған қыз 7-қабаттан секірді. Қыз тірі қалды, - деді қалалық полицияның баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.