Министр Маралдыдағы алтын өндірісін қалай тоқтатуға болатынын айтты?
Егер фабрика экология заңнамасын бұзса, қызметін тоқтатуға болады
Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Министрдің сөзінше, Күршім ауданындағы Маралды ауылының тұрғындары алтын өндіруші компанияның жұмысын тоқтату мәселесін тұрғындар сот арқылы шеше алады.
Оның айтуынша, жергілікті халықтың наразы ұстанымын ескеріп, жергілікті экология департаменті тәуелсіз сараптамалық комиссия құруға дайын. Департамент осындай өтінішпен Қазақстан экологиялық аудиторлар қауымдастығына және Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігіне жүгінген.
Бұл мәселеде Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұстанымы құқық талаптарына негізделген. Мәселенің бәрі экологиялық заңнама аясында қарастырылады. Экология заңнамасы бұзылған жағдайда аталған алтын өндіруші фабриканы жауып тастауға болады. Қазіргі таңда рұқсат беретін құжаттары бар. Бұл жобаға қоғамның бір бөлігі қарсы, тағы бір бөлігі мақұлдап отыр. Қоғам қауымдастығы сот органдарына шағым түсіруге хақылы екенін айтқым келеді. Бұл жерде қоғамдық тыңдаудың хаттамасының күшін жою туралы арыз түсіре алады. Осы арыз негізінде сот тұрғындардың пайдасына шешім шығарса, біз де өзіміз берген қорытындыны кері қайтарып ала аламыз, - деді ол.