Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Астанада ұсталған жаңаөзендіктер үйлеріне қайтарылды

Кеше ҚР Энергетика министрлігінің алдына жиналған бір топ Жаңаөзен мұнайшыларын арнайы жасақ ұстап әкеткен болатын

Новости Казахстана / Астанада ұсталған жаңаөзендіктер үйлеріне қайтарылды

Осыдан кейін жақындарын босатуды талап етіп Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары да өз қалаларындағы орталық алаңдға жиналған. Ал таңертең Астанада полиция ұтсап әкеткен мұнайшылар жаппай босатылып, пойыз және ұшақпен үйлеріне қайтарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 сәуір күні "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері Астанаға келіп, өз талап-тілектерін жеткізу үшін Энергетика министрлігінің алдында 70 шақты адам жиналған. "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясы ҚМГ-нің еншілес компаниясы «Өзенмұнайгаз» АҚ үшін мұнай сервис қызметтерін көрсетуге арналған тендерде ұтылған. Сөйтіп бұл қызметкерлердің барлығы жұмыссыз қалып отыр. Өз кезегінде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы наразы мұнайшылармен келіссөз жүргізбек болып, өз ұсыныстарын білдірген. Компания жұмысшыларға жалақыларын сақтай отырып, "Ai-Bis" ЖШС және "Кезби" ЖШС (мұнай сервис қызметтерін көрсетеді) компанияларына жұмысқа орналастыру ұсынылды.

Жұмысшылар басқа компанияға ауысқан кезде олардың бұрынғы еңбек жағдайы, соның ішінде жалақы мөлшері мен әлеуметтік пакеті сақталуы керек. Тендер қорытындысы бойынша "Өзенмұнайгаз" АҚ мердігері атанған компанияға осындай міндет қойып отырмыз. Алайда, құқықтық рәсімдерге сай әрекет ету керек, жұмысшылар мұны түсінуі қажет, - деген болатын ҚМГ аппаратының басшысы Ерхан Омаров келіссөз барысында.

"БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері "Өзенмұнайгазға" жұмысқа тұрғызуды талап етіп, ұсынылған жұмыс орындарынан бас тартқан. Жиналған мұнайшыларға "Өзенмұнайгаз" АҚ штатына қабылданған құқықтық рәсімдерді айналып өтіп, жұмысқа орналасу жөніндегі талап заңсыз екенін түсіндірді. Бұл Жаңаөзендегі жұмыссыздарды кезек бойынша аталған мекемеге жұмысқа орналастыру тәртібіне қайшы келеді.

Кешегі оқиғадан кейін ҚМГ байланыс тобы мен "БерӘлі Маңғыстау Company" өкілдері арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы келісімге келді.

Ол комиссия "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің талаптарын заң аясында шешу үшін қарастыратын болады. Комиссия құрамына "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің 10 адамы кіреді.

Құқық қорғау органдары ұстаған қалған мұнайшылар босатылып, Астана уақыты бойынша 8.57-де пойызбен Жаңаөзен қаласына кетті, - деп атап өтті компаниядан.

Мұнайшылар да Астананың теміржол вокзалынан видеоүндеу жасап, өздерінің дін-аман екендіктерін айтты және қолдау білдірген жерлестеріне ризашылығын білдірді.


Следующая →