Осы уақытқа дейін ІІМ халықтан 56 мың қару сатып алған
11 жылдың ішінде ҚР ІІМ халық тан заңсыз сақталған қаруды сатып алуға 2 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсаған
Бұл сомаған 56 мыңнан астам қару мен 2 млн данадан астам патрон сатып алыныпты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР ІІМ-де өткен брифинг барысында Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлімдеген.
Қаруды қолдана отырып жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында ІІМ халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу бойынша республикалық акцияны 2008 жылдан бері өткізіп келеді. 11 жылдың ішінде аталған акция барысында жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге 56 мыңнан астам атыс қаруы және 2 млн астам ойық қарудың патрондары ерікті түрде тапсырылды. Өткен жылдың қортындысы бойынша жалпы сомасы 89 млн теңгеге 1 400-ден астам ойық қару қабылданды. Оның ішінде ең көп қару Түркістан облысында тапсырылды. Бұл шаралар кирминогендік ахуалға оң септігін тигізді. Соңғы бес жылда қарумен жасалған қылмыстардың саны едәуір азайған, - деді Асылбек Ыдырысов.
Спикердің айтуынша, биыл қару тапсыру акциясы 10 сәуірде басталады. Ол үшін республикалық бюджеттен 89 млн теңге бөлінген.