Атырауда есірткі жеткізумен айналысқан ШҚО тұрғыны ұсталды
Атырауда Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны есірткіні жасырып жатқан жерінен ұсталған
Одан 290 грамм "мефедрон" мен "альфа PVP" тәркіленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан тұрғыны Атырауға бес жылдан бері келіп жүрген. Бастапқыда ол сүңгуір болып жұмыс істеген, ал осы жылдың наурыз айынан синтетикалық есірткіні сатумен айналыса бастаған.
Ол қолға түсерден екі күн бұрын "куратордан" есірткінің орналасқан жерін өзгерту жөнінде тапсырма алған. Алайда оны полицейлер есірткіні жасыруға мүмкіндік берместен ұстады.
Сараптама қорытындысына сәйкес, одан 290 грамм «мефедрон» және «альфа PVP» тәркіленді, - деді Ішкі істер министрлігінің апталық брифингісінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Белгілі болғандай, қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.