Қазақы ит тұқымдарының стандарттары бекітілді
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақы ит тұқымдары – тазы мен төбеттің стандарттарын бекітті
Стандарттар аталған ит тұқымдарының сипаттамасын, өлшемдерін, кемшіліктері мен ақауларын қамтиды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Заңға сәйкес, қазақы ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу 2023 жылғы шілдеде іске қосылатын Ұлттық орталықтың құзіретіне кіреді. Алайда уақыттың тығыздығына байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-3/1119 бұйрығымен бекітілген стандарттар негізге алынды.
Сонымен қатар, Ұлттық орталықтың стандарттарды әзірлеу жөніндегі құзыретін ескере отырып, қажет болған жағдайда, қабылданған стандарттар ит өсірушілер, қоғам белсенділері, кинолог және тағы да басқа мамандардың пікірлерін ескере отырып пысықталатын болады.
Қазақы ит тұқымдарының стандарттарымен ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің сайтынан танысуға болады.