Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бас прокуратура Алматы қаласы мен Түркістан облысында мемлекеттік сатып алу бойынша заңбұзушылықтар анықтады

Жыл басынан бері прокурорлардың актілері бойынша Алматы қаласы бойынша 17 млрд теңгеге, Түркістан облысы бойынша 7 млрд теңгеге жасалған мемлекеттік сатып алу конкурсы жойылды

Новости Казахстана / Бас прокуратура Алматы қаласы мен Түркістан облысында мемлекеттік сатып алу бойынша заңбұзушылықтар анықтады

10 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 9 мемлекеттік ұйымның басшыларына 5 млн теңгеге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Бас прокуратураның ақпаратына сүйеніп.

Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушілерге жоғары біліктілік талаптарын қойған, конкурстық құжаттаманы толық ұсынуды қамтамасыз етпеген, сатып алу тәсілін дұрыс таңдамаған, - делінген хабарламада. 

Осы жылдан бастап, мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында сатып алу тәсілдерінің бірі рейтингтік - балдық жүйе (РБЖ) қолданылады. Ол конкурсқа әсер ететін ұсыныстарды, критерийлерді автоматты түрде салыстырады және жеңімпазды комиссияның қатысуынсыз анықтайды, яғни адами факторсыз, өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама қалыптастырады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы прокуратурасы мониторинг арқылы тапсырыс берушілердің бірі автожолдар салу кезінде электрмен жабдықтау желілері саласында лицензияланатын қызметтің бір түрінің міндетті түрде болуы туралы кәсіпкерлерге негізсіз талаптар қойғаны анықталды, - делінген хабарламада. - Бұл конкурс қорытындыларына әсер ету ретінде қарастырылады. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша конкурс тоқтатылды, мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілердің тең шарттарын сақтай отырып, қайтадан өткізілді.

Осындай заңбұзушылықтар Түркістан облысында да анықталып отыр.

Мысалы, Ордабасы, Төлеби және Түлкібас аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері 2 млрд. теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу шарттарын бәсекелестік емес тәсілмен заңсыз түзген (бір көзден заңсыз өткізген).

Прокурорлардың актілері бойынша 100-ден астам заң бұзушылық жойылды, 7 млрд теңгеден астам заңсыз мемлекеттік сатып алудың күші жойылды (сатып алу тәсілдерін дұрыс қолданбаған, қатысушыларға артық талаптар қойған).

Ал прокурорлардың шараларымен түрлі жауаптылыққа 50-ден астам лауазымды тұлға тартылып, мемлекеттік бюджетке 15 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

Следующая →