Таңертең Өскемендегі пәтерлердің бірінде өрт шықты
Көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, құтқарушылар 15 адамды дереу эвакуациялады
Бүгін Сәтпаев даңғылындағы он қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қзыметіне сілтеме жасап.
Өрт жалыны жоғары қабаттағы балконды да зақымдады. Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар түтін басқан подъезден баспалдақ арқылы 15 тұрғынды эвакуациялады, олардың арасында бір бала бар. Барлығы үй маңында тұрған "Вахта" автокөлігіне орналастырылды.
Өрт сөндірушілер 20 шаршы метр аумақты қамтыған өртті сөндірді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада. - Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:
- Үйден шығып бара жатқанда электр құрылғыларын желіден ажыратыңыз;
- Ақауы бар электр сымдарын пайдаланбау және уақтылы жөндеу;
- Бір розеткаға бірнеше қуатты электр тұрмыстық аспаптарды қоспау;
- Зауытта жасалмаған электр сақтандырғыштарды ("жучок"), қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын қолдануға болмайды;
-Үйде және пәтерде темекі шегуге және ашық отпен абайсыздыққа жол бермеңіз;
- Мүмкіндігінше пәтерде өрт сөндіргіш болуы керек.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.