1383 теңге қарызы үшін банкроттыққа өтініш білдірген
Елімізде соттан тыс банкроттыққа өтініш беруге болатын сайт іске қосылды
Іске қосылған tazalau.qoldau.kz сайтында соттан тыс банкроттық рәсімін пайдалануды ұйғарған борышкерлер туралы ақпарат берілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сайттағы ең төменгі қарыз сомасы - 1383 теңге. Бұл өзін банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған Қызылорда облысының тұрғыны көрсеткен сома. Сондай-ақ, 8 876 теңге (Павлодар), 11 995 теңге (Түркістан облысы) және 13 553 теңге (Алматы облысы) болатын берешек сомасы бар.
Өз кезегінде ең көп қарыз сомасы - 282 миллион 784 мың 016 теңге. Бұл ақпартты банкроттық туралы арыз берген Алматы облысының тұрғыны көрсеткен. Сондай-ақ, 208 миллион, 106 миллион, 73 миллион теңге және одан да төмен қарыздар кездеседі. Бұл ретте, соттан тыс банкроттық бойынша берешек сомасының шекті мәні 1600 АЕК немесе биылға 5 520 000 теңге болады.