Өскемен
пасмурно
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Алматы
    +4°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -15°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
508.3
+3.81
592.17
+4.44
¥
71.92
+0.55
6.63
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР-да екі айға балық аулауға тыйым салынды

5 сәуір мен 5 маусым аралығында уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға болмайды

Новости Казахстана / ҚР-да екі айға балық аулауға тыйым салынды
Фото:
depositphotos.com

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Уылдырық шашу кезеңінде балықтар мен өзге де су жануарларының биоалуандығын сақтау үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі 5 сәуір мен 5 маусым аралығында "Уылдырық шашу" акциясын өткізеді. Ведомство республиканың әр өңірінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, балық аулауға тыйым салу мерзімін енгізеді, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері осы кезеңде заңсыз балық аулау немесе өткізу, балық және балық өнімдерін тасуды бақылауға алады.

Заңды бұзғандарға Әкімшілік кодекстің 383-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Яғни, 10-нан 40 АЕК-ке дейін айыппұл және Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деді ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Следующая →